Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары !

Біз сіздердің «Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК-нің сайтына енулеріңізді қошеметпен қарсы аламыз.

Адам денсаулығы – Жер бетіндегі ең қымбат дүние. Өз денсаулығын қорғау – әр адамның міндеті. Баланың денсаулығын қорғау – әр ата-ананың міндеті.

Адамзат баласының дүниеге келген сәтінен бастап-ақ әр түрлі аурулар пайда болған, соның ішінде жұқпалы аурулар да бар. Жұқпалы аурулардың жаппай тарауы, жас ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардың жұқпалы аурулардан қорғансыз болуы, жұқпаның жаңа түрлерінің пайда болуы оларды ең өзекті мәселелердің қатарына қойып отыр. Өкінішке орай жұқпалардың барлығының вакцина егу арқылы алдын алуға болмайды.

Кішкентай пациенттерімізге сапалы медициналық көмек көрсету – біздің міндетіміз.

Стационарда жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Біз жұқпалы аурумен ауырған жасы 15-ке дейінгі балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеміз.

Стационар – 250 төсек-орынға арналған 3 қабатты типтік ғимарат. Ел астанасының сол жағалауындағы әкімшілік орталықта ашылған жаңа аурухана барлық заманауи стандарттарға сай әрі жаңадан шыққан жабдықтармен жабдықталған. Емделушілер үшін де, қызметкерлер үшін де барлық жағдай жасалған. Бірінші қабаттағы палаталар тамбур арқылы сыртқа (далаға) шығу үшін әдейілеп бокс ретінде жасалынған. Ал екінші, үшінші қабаттардағы палаталар жартылай бокс ретінде жасалынған. Әр бокс пен жартылай бокстардың ауданы – 50м2.

Аурухана ғимараты жекелеп орналастырылған 6 корпустан тұрады, олар бір-бірлерімен ұзын галерея арқылы жалғасады. Аурухана ғимаратының жалпы ауданы – 60070,49 м2. Стационарда 9 клиникалық бөлімше бар, оның ішінде 12 орындық реанимация бөлімшесі және 3 параклиникалық бөлімше бар. 

Біздің сайтымыз стационарымыздың, құрылымдық бөлімшелердің қызметі және көрсетіліп отырған медициналық қызмет жайлы тұрғын халықты неғұрлым толық ақпартпен қамтамасыз ету үшін құрылған.